Center Image
IHSAN.KZ
РАНТ мүшесі «Қазыбек би» мешіті жамағатымен кездесті
РАНТ мүшесі «Қазыбек би» мешіті жамағатымен кездесті

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әбдуәлі Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің жамағатымен жүздесіп, тағылымды уағыз-насихат айтты.

Әр бейсенбі сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын рухани басқосу бұл жолы да ерекше өтті. Бауыржан Әбдуәлі өзінің әсерлі шешендігімен мұсылман өміріндегі әдеп пен парасат, қоғамдағы бірлік пен татулық, пенденің Жаратушы алдындағы жауапкершілігі секілді маңызды тақырыптарды кеңінен тарқатып, тыңдаушыларға ой салатын ғибратты мысалдар келтірді.

Уағыз барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдар да назардан тыс қалмады. Қадірлі қонақ әрбір сұраққа дәлелді, түсінікті, шариғатқа негізделген жауап беріп, жамағаттың діни танымын арттыра түсті.

Жиналған қауым рухани қуат алып, шынайы ықыласпен тыңдап, сөз соңында алғыстарын білдірді. 

Мешіт ұжымы да Бауыржан Әбдуәліге арнайы ризашылық айтып, мұндай кездесулердің қоғамның рухани ынтымағын күшейтіп, жамағатты ізгілікке бастауда маңызы зор екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz