ҚМДБ жылдық жоспары аясында, Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Халықаралық қарттар күніне» орай қарттар үйінде «Қарты бар үй – қазыналы үй» тақырыбында рухани қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шара қаладағы «Киелі Шаңырақ» атты қарттар үйінде ұйымдастырылып, қарияларымыздың құрметіне арнайы берекелі дастархан жайылды.
Сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы қарияларға уағыз-насихат айтып, олардың қоғамдағы орны маңызды екендігін тілге тиек етті.
Берекелі дастархан басында аталарымыз бен әжелерімізге сыйлықтар табыс етіліп, ізгі тілектер мен жылы лебіздер білдірілді.
Мекеме басшылығы мен қариялар игі істі жүзеге асырған ұстаз Әйерім Берікболқызы мен шәкірттеріне шексіз ризашылықтарын білдірді.