Center Image
IHSAN.KZ
“Бұқар Жырау” мешітінде Мәуліт оқылды
“Бұқар Жырау” мешітінде Мәуліт оқылды
Қарағанды қалалық “Бұқар Жырау” мешіті ұжымының ұйымдастыруымен мәуліт кеші жоғары деңгейде өтті. “Үмметке үлгі болған әз пайғамбар” атты рухани кешке облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған қала имамдары қатысты.

Мәртебелі қонақтарды мешіт имамы Орманбет Болатұлы күтіп алды. Рухани кешке арнайы дайындық жасалып дастархан жайылды. Мешіт ақсақалдары мен жамағаты әсерлі уағыз тындап имамдарға дән риза болды. 

Іс-шара барысында Мәуліт сыйы таратылып сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Викториналық сайысқа қатысқандарға арнайы сыйлықтар үлестірілді. Мәуліт жырын бас имам Естай Айтуғанұлы мен Бауыржан қари оқыды. 

Кеш соныңда мешіт имамы Орманбет Болатұлы келген мәртебелі қонақтармен жамағатқа Алғыс айтып ризашылығын білдірді. 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz