Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Құран оқып үйренейік» дәрістері жалғасуда
«Қазыбек би» мешітінде «Құран оқып үйренейік» дәрістері жалғасуда

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Құран оқып үйренейік» атты арнайы дәрістер басталды.

Дәріс мешіт ұстазы Ажар Кидирманованың жүргізуімен өтуде. Дәріс барысында шәкірттер Құранды дұрыс оқу ережелері – тәжуид қағидалары, әріптердің дұрыс шығу жолдары, сондай-ақ Құран оқудың әдептерімен танысуда. 

Дәріс жамағаттың діни сауатын арттырып қана қоймай, Алланың сөзін үйренуге деген сүйіспеншілігін оятып, рухани дамуына сеп болуда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz