Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде дәстүрлі түрде әр апта сайын өткізіліп келе жатқан «Бейсенбілік дастархан» шарасы жалғасын тапты. Бұл игі басқосу жамағаттың басын қосып, бірлікті арттырып, рухани сұхбат құруға мүмкіндік беретін ізгі дәстүрге айналған.
Жиын барысында мешіттің наиб имамы Дастан Абдрахманов жиналған қауымға «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, қоғамдағы түрлі теріс ағымдардың зияны мен одан сақтану жолдары жайында түсіндірді. Сондай-ақ, асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеп, дәстүрімізге сай дұрыс діни білім алудың маңызына тоқталды.
Ізгі басқосу соңында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, бауырмалдық пен береке-бірліктің үлгісі көрсетілді.