Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш өтті.
Іс-шараны мешіт имамы Азамат Сайлауұлы ұйымдастырды.
Кеште Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі мен үлгі-өнегесі жайлы насихат айтылып, салауаттар оқылды.
Жамағат рухани әсер алып, пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің мәні түсіндірілді. Іс-шара аясында дұға жасалып, жиналған қауым елге амандық пен береке тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі