Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан – қарттар күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Дін мен дәстүр» бағытының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.

Шара аясында «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қариялары арнайы шақырылып, құрметке бөленді. 

Ардақты ағалар мен аналарға арнайы дастархан жайылып, жүрекжарды тілектер айтылды.

Мешіт дін қызметкерлері жиналған қарияларға алдымен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қарттарды мерекелерімен құттықтады. 

Сондай-ақ,  қарияның қадір-қасиеті, олардың қоғамдағы орны туралы насихат айтты. Іс шара барысында ақсақалдар мен аналарға естелік сый-сияпаттар табысталды.

Осындай игі істі жүзеге асырған облыстық мешіттің дін қызметкерлеріне мекеме  қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі





Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz