Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай арнайы дастархан жайылып, ақсақалдарға құрмет көрсетілді.
Басқосуда ақсақалдарға сый-сияпат ұсынылып, жылы лебіздер білдірілді. Имам Нұржан Оңғарұлы қарияларға ізгі тілегін жеткізіп, Алладан амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Қариялар да мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі