Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 1-қазан – Халықаралық қарттар күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Игі бастаманың ұйытқысы болған мешіттің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ақсақалдарға құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады.
Қайырымдылық іс аясында абыз ақсақалдарға жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы орны мен жастарға айтар өнегелі өсиеттерінің маңызы ерекше екендігі атап өтілді. Имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ақсақалдарға арнайы ізгі тілегін жеткізіп, Алладан денсаулық, ғұмыр беруді тіледі.
Мешіт атынан әзірленген сый-сыяпаттар табысталып, ақсақалдар да өз тарапынан мешіт ұжымына ақ батасын берді.
Бұл игі бастама – қарттарға құрмет көрсетіп, ел ағаларын ардақтаудың үлгісіне айналды. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Үлкенге құрмет, кішіге мейірім көрсетпеген бізден емес» – деп өсиет еткен.
Қарттарға көрсетілген осынау ілтипат – жас ұрпаққа өнеге, ұлттың рухани тәрбиесінің айқын көрінісі болды.