Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде қарияларға құрмет көрсетілді
«Әл Машани» мешітінде қарияларға құрмет көрсетілді

1 қазан – қарттар күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіттің қазыналы қарияларына арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Шара барысында алдымен қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды. Бұл – қазақ халқының ежелден қалыптасқан асыл дәстүрі мен дініміздің ұстанымдарына сай келген игі амал болып табылады.

Одан кейін мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы жиналған қарияларды мерекелерімен құттықтап, өзінің  ыстық лебізін білдірді. 

«Қарияларымыз – елдің қазынасы, бірліктің ұйытқысы, ұрпаққа үлгі болар абзал жандар. Ислам дінінде үлкенге құрмет көрсету – әрбір мұсылманның парызы», – деп атап өтті имам өз сөзінде.

Мерекелік дастархан басында қариялар да өз кезегінде ақ ниеттерін білдіріп, игі іс-шараны жүзеге асырған мешіт ұжымына шынайы алғыстарын айтты. 

Қарттар күніне орай өткен бұл шара – дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды басқосу болды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz