Center Image
IHSAN.KZ
БЕЙСЕНБІЛІК БАСҚОСУДА «НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫ ҚОЗҒАЛДЫ
БЕЙСЕНБІЛІК БАСҚОСУДА «НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫ ҚОЗҒАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жамағаты кезекті дәстүрлі дастархан басында бас қосты.

Рухани отырысқа РАНТ мүшесі, Алматы қаласы Алатау ауданы «Заря Восток» мешітінің имамы Қазбек Ахметов арнайы қатысып, жиналған жамағатқа «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар, «Уағыз-насихат» бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейірбекұлы да жамағатқа кезекті уағыз-насихатын жеткізді.

Дәстүрге айналған бұл басқосуда жамағат игілігіне дастархан жайылып, ата-баба рухына Құран бағышталды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz