Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында «Рухани Мәуліт кеші» өтті
Шахтинск қаласында «Рухани Мәуліт кеші» өтті
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ құрметіне арналған «Рухани Мәуліт кеші» жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараны мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ашып, Мәуліт мерекесінің мән-мағынасына тоқталды. Ол жиналған жамағатқа Алланың Елшісін ﷺ еске алып, салауат жолдаудың артықшылығы мен рухани маңызын түсіндірді.

Кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Аманжолов Сұлтан Мауратұлы қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқыды. Одан кейін жамағатпен бірге Мәуліт жырын орындап, салауат айтты. Жергілікті имам бата беріп, елдің бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

Рухани іс-шараға өнер иелері де атсалысты. Совет Жанәділ терме орындап, Қайрат аға шәкірттерімен бірге күй тартып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар мешіт ақсақалы Зейнулла қажы сөз сөйлеп, мешітте жүріп жатқан құрылыс жұмыстары жайында айтып, демеушілерге ризашылығын білдірді.

Сұлтан ұстаз мазмұнды уағыз-насихат айтып, жамағаттың жүрегіне ой салды. Кеш соңында имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы өзінің жеке шығармашылығынан «Мәуліт жырын» оқып, салтанатты жиынды қорытындылады.

Іс-шара соңында Құран оқылып, «Нұр» мешітінің тарихында қызмет еткен имам-молдалар мен шаруашылық қызметкерлерінің рухына арнап арнайы дұға жасалды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz