Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ туған мәуліт айының құрметіне мәуліт оқылды.
Мәуліт оқу мешіт имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен өтті. Жиылған жамағат Алла Елшісіне ﷺ салауаттар айтып, Құран аяттары мен дұғалар бағышталды. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың өмірінен өнегелі деректер айтылып, жамағатты имандылыққа, бірлік пен мейірімге шақырған насихат жасалды.
Бұл игі шара жамағаттың жүрегіне рухани әсер сыйлап, мәуліт айының берекесін сезінуге мүмкіндік берді.