Center Image
IHSAN.KZ
«О. Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттерімен кездесу өтті
«О. Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттерімен кездесу өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы «О. Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттерімен тәрбие-танымдық  кездесу өтті.


Шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің дін қызметкері Мирас Ерланұлы арнайы қатысып, шәкірттерге «Дін және ізгі қоғам» тақырыбында мазмұнды насихат айтты. Ол өз сөзінде Исламның адамгершілікке, мейірім мен кешірімге негізделген құндылықтарын түсіндіріп, қоғамда ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір мұсылманның міндеті екенін атап өтті.


Кездесу барысында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маңызды жауаптар алды. Сонымен қатар, имандылық пен ізгілікке жетелейтін тағылымды ой түйіп, өз өмірлеріне өнеге болатын насихат естіді.


Осындай игі шаралар жастардың рухани дамуына, олардың қоғамға пайдасын тигізер ізгі азамат болып қалыптасуына ықпал етпек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz