Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің қызметкерлері “Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында “Соқыр2” зиратының басында сенбілік шарасын ұйымдастырды. Шараға бастамашы болған мешіт имамы Нуров Махмуд қажы мазарларды зират етіп қана қоймай, тазалыққа ерекше мән беру қажеттігін жіті бақылауда.
Игі шараға мешіт қызметкерлері ғана емес шынайы ықылас танытып мешіттің жамағаты мен шәкірттер арасынан белсенділер де қатысты. Мазар аумағы тазартылып, ретке келтірілді.
“Атқарылған іс-шара көпке үлгі әрі жастарға тәрбие болады” дейді мешіт имам Нуров Махмуд қажы Нурұлы. Тазалық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.