Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінде қысқы дайындық ретінде отын түсірілді
«Жыржыс қажы» мешітінде қысқы дайындық ретінде отын түсірілді

Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен қысқы маусымға дайындық жұмыстары атқарылды.


Осы мақсатта мешітке 30 тонна көмір түсіріліп, жамағаттың қыстағы құлшылығын жайлы жағдайда орындауына мүмкіндік жасалды.


Бұл игі іске дін жанашыры Қанат Нұрмағамбетов қолдау көрсетіп, қайырымдылық қадамына бастамашы болды.


Мешіт ұжымы демеушілік танытқан азаматқа алғыс білдіріп, Алла Тағаладан еңбегін сауаптан жазуын тіледі.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz