Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданы: Зират басында сенбілік өтті
Бұқар Жырау ауданы: Зират басында сенбілік өтті
Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират басында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Игі шараға мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары атсалысып, қорым аумағы тазаланып, арам шөптер жұлынып, қоршаулар ретке келтірілді.

Мешіт имамы сенбілікке жиналғандарға зират әдебі жайлы түсіндіріп, ата-баба аманатына құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл шараның мақсаты – жамағатты тазалыққа, бірлікке, әрі ата-баба рухына құрметпен қарауға шақыру.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz