Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт айының құрметіне арналған «Адамзаттың асылы жүрегімде мәңгілік» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері, өңірдің зиялы қауым өкілдері, мешіт жамағаты және қала тұрғындары қатысты.
Кеш аясында Алла Елшісінің (.а.с) өмірі мен өнегелі ғибраттары насихатталып, Мәуліт оқылды. Қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ас ұсынылды.
Сонымен қатар, мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жиналғандарға Мәуліт айында мешіт жамағатының атқарған ізгі амалдары мен игі шаралары жөнінде баяндап, есеп берді.
Іс-шара соңында мешіттің өркендеуіне, қайырымдылық пен ізгіліктің артуына үлес қосып жүрген жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Рухани кеш жамағаттың жүрегіне қуаныш сыйлап, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) салиқалы өмірінен ғибрат алып, бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.