Қарағанды
қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті мәуліт айының құрметіне орай жүзеге асып жатқан «Адамзаттың
асылы жүрегімде мәңгілік» атты қайырымдылық шарасы жалғасын тауып, үш отбасыға қуаныш сыйланды.
Мәуліт айы бойы жалғасып жатқан
бұл игі іс отбасылардың жүрегіне жылулық ұялатумен қатар, Алланың разылығын
алуды көздеген игі қадам болды.
Айта кетейік, мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен мешіт жамағаты
күн сайы 500 теңге садақа беріп, жиналған қаражаттан әлеуметтік көмекке мұқтаж
отбасыларға жәрдем беруді мақсат еткен болатын.