«Әл-Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағатының бастамасымен, мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен жеткіншектер арасында Пайғамбарға ﷺ арнау өлеңдерін жатқа оқудан сайыс өтті.
Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ жібектей жұмсақ мінезі, даналығы мен теңіздей терең ақылы он төрт ғасырдан бері үмбетін тәнті етіп келеді. Сайысқа қатысқан жас жеткіншектер Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін үлгі ете отырып, Оған деген сүйіспеншіліктерін жүрекжарды өлең жолдарымен жеткізді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.