Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде нашақорлықтың зияны түсіндірілді
«Ар-Рахман» мешітінде нашақорлықтың зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Нашақорлық құрдымға жетелейді» тақырыбында түсіндірме семинары өтті. Іс-шара барысында нашақорлықтың жеке адамға, отбасыға және қоғамға тигізер зиянды салдары жан-жақты түсіндіріліп, жастарды зиянды әдеттерден сақтандырудың маңызы атап өтілді.


Семинарда имандылыққа, рухани тазалыққа және саламатты өмір салтын ұстануға шақыратын насихат айтылды. Сонымен қатар Ислам дініндегі адам денсаулығын сақтау қағидаттары кеңінен баяндалып, нашақорлықтың діни тұрғыдан харам екендігі және оның әлеуметтік, моральдық тұрғыдан қауіптілігі тілге тиек болды.


Аталған іс-шара жастардың діни дүниетанымын нығайтуға, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға және отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz