Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде бесін алдындағы уағызда рухани құндылықтар дәріптелді
«Ар-Рахман» мешітінде бесін алдындағы уағызда рухани құндылықтар дәріптелді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бесін намазы алдындағы уағыз-насихат барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Құран Кәрім аяттарының мағыналарын жан-жақты түсіндірді. Имам мұсылман баласының діни рәсімдерді орындаудағы жауапкершілігіне тоқталып, пайғамбарлар тарихынан ғибрат алып, өнеге үйренудің маңыздылығын атап өтті.


Насихат барысында Алла елшілерінің өмір жолындағы сабырлылық, әділеттілік, тақуалық және көркем мінез сияқты қасиеттері үлгі ретінде көрсетілді. Сонымен қатар олардың өнегелі өмірі қазіргі қоғамдағы мұсылмандар үшін рухани бағдар болатыны түсіндірілді.


Имам Азамат Төлеуханұлы діни білім алудың артықшылығына, құлшылық амалдарын ықыласпен орындаудың мәніне және қоғамда имандылық пен рухани құндылықтарды нығайтудың қажеттілігіне назар аударды.


Аталған іс-шара жамағаттың діни танымын арттыруды, Құран мен Сүннет тағылымдарын дұрыс түсініп, оны күнделікті өмірде амал етуге насихаттауды көздеді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz