Center Image
IHSAN.KZ
Құрылыс саласының қызметкерлеріне дін жөніндегі заңнама түсіндірілді
Құрылыс саласының қызметкерлеріне дін жөніндегі заңнама түсіндірілді

Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің имамы Ерғазы Азамат Сайлауұлы Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы қызметкерлері арасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Кездесуде қазақ тарихындағы тұлғалардың дінді түсінуі, оны отбасында және бала тәрбиесінде ұтымды қолдану тәжірибесі арқылы ұлы тұлғалардың қалыптасу жолы айтылды. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, қоғамдағы діни тұрақтылық пен рухани құндылықтарды сақтаудың маңызына тоқталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz