Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өткізілді. Іс-шараға жергілікті тұрғындар мен мешіт жамағаты белсене қатысты.
Игі бастаманың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды. Сонымен қатар тазалықтың дініміздегі орны түсіндіріліп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисінің мән-мағынасы кеңінен баяндалды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі