Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінде «Мінсіз Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші ұйымдастырылды. Іс-шараны Саран қаласының бас имамы Нұржігіт Оразалыұлы Мұсабеков ашып, жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Тәлімі мол кешке «Әнет баба» мешітінің ұстазы Сұлтан Мұратұлы Аманжолов арнайы қатысып, насихат айтып, Мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымызға салауат жолдады. Мәуліт айының құрметіне дастархан жайылып, салауат айту тобының тұрақты қатысушыларына сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ мешіт қызметкерлері ұйымдастырған сұрақ-жауап сайысы өтіп, жүлделер үлестірілді.
Осындай игі рухани іс-шараға куә болған жамағат бір-біріне ризашылық білдіріп тарасты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі