Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешіті: Адал еңбек – рухани байлықтың негізі
Саран қалалық мешіті: Адал еңбек – рухани байлықтың негізі

Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің жамағаты мен жастарына «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізілді. Қазақ халқы қашанда еңбекті қадірлеп, маңдай термен келген нанды ең тәтті ас санаған. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бала кезден еңбекке баулыған халқымыз адал еңбекті адамдықтың, рухани кемелдіктің бастауы деп білген.


іс-шара аясында адал еңбек адамның тек материалдық емес, рухани дамуына да зор ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ, еңбек арқылы адамның тұлғалық қалыптасуы, төзімділігі, жауапкершілігі арта түсетіні түсіндірілді. Жиын барысында адал еңбектің қоғам мен жеке адам өміріндегі орны кеңінен баяндалды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz