РАНТ мүшесі, Алматы қаласы «Аманқұл ата» мешітінің имамы Серікхан Рахманұлы Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатпен кездесті.
Жиында ол «Адал еңбек ердің ісі» тақырыбында уағыз айтып, маңдай термен тапқан ризықтың берекесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жайлы насихат жүргізді.
Басқосу барысында Құран аяттары оқылып, хадистерден мысалдар келтірілді.
Соңында еліміздің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі