Қарағанды облысы Абай аудандық орталық мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш ұйымдастырылды.
Ауданның бас имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен және мешіт ұжымының қолдауымен өткен бұл игі іс-шарада тағылымды уағыздар айтылып, Мәуліт оқылды.
Кештің құрметті қонақтары ретінде аймақтың дін қызметкерлері, ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиналған жамағатқа дастарқан жайылып, ұлттық рухты асқақтатар жыр-термелер орындалды. Мәуліт кеші көпшіліктің жүрегіне рухани қуат сыйлап, бірлік пен бауырмалдықтың мерейін үстем етті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі