Қарағанды қаласындағы жергілікті «Новое
телевидение» арнасында ҚМДБ -ның бекіткен
«Құдасы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу», «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет
көрсету орталығының қызметі,
жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру бағыттары аясында арнайы сұхбат өрбіді.
Бағдарламаға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты маманы
Бақдәулет Қыдырбайұлы және ҚМДБ «Шариғат және пәтуа»
бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы қатысты.
Эфир
барысында қонақтарға қазадан кейінгі діни рәсімдердің дұрыс орындалуы, жетісі,
қырқы, жылы сияқты кезеңдердің шариғи дұрыс жүзеге асырылуы, құдайы ас берудің
шариғаттағы үкімі мен қазіргі қоғамдағы ысырапшылдық мәселелері жөнінде
сұрақтар қойылды.
Сонымен
қатар, ас берудің астатөк дастарханға айналуы, ас мәзіріне қатысты ҚМДБ
шығарған пәтуаның орындалу мәселесі де талқыланды. Қаралы үйдегі
уағыз-насихаттың жеткіліксіздігі, зират соғудағы бірізділіктің сақталмауы,
құлпытасқа сурет салдыру үкімі сияқты өзекті тақырыптарға тоқталды.
Сұхбат барысында «Қамқор-Шарапат» бөлімінің
мақсат-міндеттері, садақа мен сауаптың мәні, зиярат әдептері, марқұмға сауабы
тиетін амалдарға қатысты
сауалдар да кеңінен қарастырылды.
Тікелей эфирде өткен бағдарламада айтылған ойлар
халық арасында қалыптасқан кейбір қате түсініктерді түзетуге және діни
рәсімдерді бірізділікке түсіруге бағытталды.