Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің имамы Шарифулла Шадиев Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылында мектеп мұғалімдеріне насихат жүргізді.
Кездесу барысында ол нашақорлықтың жеке адамға, отбасы мен қоғамға тигізер зиянын түсіндірді.
Сондай-ақ ұстаздарды жас буынды жаман әдеттерден сақтандырып, саламатты өмір салтына тәрбиелеуге шақырды.
Бұл насихат қоғамдағы қауіпті дерттің алдын алуға бағытталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі