Бүгін қасиетті жұма күні ауылымызда ынтымақ пен бірлікті нығайту мақсатында «Ғыйзат қажы» мешітінің жанынан Ақсақалдар алқасы құрылды.
Жиын барысында ақсақалдардың қоғамдағы орны мен міндеттері талқыланып, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Имам» журналы мен «Мұнара» газеті таныстырылды. Жиын соңында алдағы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі