Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде Мәуліт кеші ұйымдастырылды
«Әл-Ғаффар» мешітінде Мәуліт кеші ұйымдастырылды

Бүгін «Әл-Ғаффар» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күніне арналған Мәуліт кеші ұйымдастырылды.


Алғашқы сөзді мешіттің имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлы алып, жамағатқа өнегелі уағыз-насихат айтты. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Әнет баба мешітінің ұстазы Аманжолов Сұлтан Мауратұлы қатысып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянын кеңінен баяндап берді.


Кеш аясында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, қатысушыларға сый-сияпаттар тарту етілді.


Осындай игі іс-шаралар жамағатымыздың сүйікті Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін еске алып, имани тәрбие мен рухани құндылықтарды бойға сіңіруге ықпал етті.


Алла Тағала жамағатымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық нәсіп етсін!


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz