Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінің «Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатына арналған Құранды мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Игі бастаманы ұстаз Әлия Рахманқызы ұйымдастырды.
Сайысқа барлығы 24 шәкірт қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен 1, 2, 3-орын иегерлері және қосымша екі ынталандыру сыйлығы табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға Құран кітаптары сыйға берілді.
Іс-шараның мақсаты – шәкірттердің Құран оқуға деген ынтасын арттыру, қасиетті кітапты дұрыс әрі мәнерлеп оқуға баулу болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі