Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлының ұйымдастыруымен мешіт имамдары мен ұстаздар «Дархан дала» жобасы аясында дінге қызмет еткен бабаларымыздың қабіріне зиярат жасады.
Зиярат барысында Балақажы, Әлім Шайхы, Тәшмолла әулие және Жалаңтөс батыр бабаларымыздың басына барып, рухтарына Құран, дұға бағышталды. Әрбір зиярат кезінде имам «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Екінті намазынан кейін «Бала қажы» мешітінде дастарқан жайылып, Мәуліт оқылды.
Ханафи мәзһабы бойынша қабірді зиярат ету – мұстахаб амал. Мұндай игі іс-шараларда қайтыс болған мұсылманды жерлеудің үкімдері, қабірді зиярат ету әдебі мен сәлем беру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі