Қарағанды облысының Бұқар Жырау аудандық Жыржыс қажы» мешітінде жастарға арнап «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз айтылды.
Мешіт имамы Рүстем Мұратұлы өз сөзінде есірткі мен түрлі зиянды әдеттердің адам өміріне әкелетін қасіреті туралы жан-жақты талдап, айтып берді.
Ол жастарды жат әдеттен сақтануға, адал жолмен өмір сүруге, отбасына және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды.
Жастар имам уағызынан ғибрат алып, есірткіден аулақ болудың өмірлік маңызы зор екенін түсінді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі