Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде Мәуліт айының құрметіне әйелдер жамағатына Әш-Шәмәйл Мухаммадия кітабынан дәрістер өтіп келеді.
Дәрісті мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы жүргізіп жүр.
Шәкірттер Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) қадір-қасиеті мен сипаттарымен танысып жатыр.
Дәріс барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікіралмасты.
Жамағат асыл дініміздегі әйелдердің орны мен маңызы жайында тағылымды мәлімет алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі