ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жергілікті "Абай Агро" шұжық кәсіпорынына кезекті аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында кәсіпорын толықтай тексерістен өтті.
Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, кәсіпорында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.