Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бесін намазының алдында имамдар жамағатқа Құран аяттарының мағынасын ашып түсіндіру және насихат жүргізу дәстүрін жалғастырып келеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, Құран аяттарының мәнін терең ұғындыру және оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға бағыт беру.
Имамдар тарапынан берілетін түсіндірмелер жамағаттың рухани дүниесін байытып, ислам құндылықтарына деген құрметін арттыруға ықпал етіп жатыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі