Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында Ағыбай батырға зиярат ұйымдастырылды
«Дархан дала» жобасы аясында Ағыбай батырға зиярат ұйымдастырылды

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық мешітінің имамы Бахтияр Есімбековтің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында ұлт батыры, азаттық жолында ерлік көрсеткен тарихи тұлға – Ағыбай батырдың кесенесіне зиярат жасалды.


Іс-шара барысында жамағатқа батырдың өмірі мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы мағлұмат беріліп, баба рухына құран бағышталды.


Бұл бастама «Дархан дала» жобасының негізгі мақсатына сай, жас ұрпаққа өнеге көрсету, елге еңбегі сіңген тарихи тұлғаларды дәріптеу әрі ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында жүзеге асырылды, 


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz