Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен қасиетті Мәуліт айының басталуына орай мешіт жамағаты арасында «Адамзаттың абзалы жүрегімде мәңгілік» атты эстафета бастау алды.
Игілікке үндейтін бұл сайыс алты бағыттан тұрады. Соның бірі – «Жақсылықта жарысу». Оның аясында әрбір мешіт жамағаты күн сайын 500 теңгеден садақа беруді қолға алды.
Осы орайда, жиналған қаражат есебінен мешіт ұжымы бір мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп, қажетті азық-түлік үлестірді. Жақсылыққа толы бұл игі іс мұқтаж жанның жүзіне қуаныш сыйлап, жамағатқа сауапты амалдың мәнін тереңірек ұқтырды.
Имам Рауан Төлеубекұлының айтуынша, аталмыш эстафета Мәуліт айы бойы жалғасып, қайырымдылықіс-шараларының ауқымы кеңейе түспек.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі