Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы №3 мектеп-интернатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.
Осы игі бастама аясында «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай оқушылармен кездесіп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуда табыс тіледі.
Кездесу барысында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде шәкірттерге қажетті оқу құралдары мен мектеп сөмкелері сыйға тартылды.
Балалар мен ұстаздар мешіт ұжымына шынайы алғыстарын білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасыларға рухани және материалдық көмек ұсыну.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі