Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай мешіт жамағатына арнайы уағыз айтылды.
Уағыз барысында жамағатқа Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірбаяны, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеті мен өнегелі жолы кеңінен насихатталды. Сондай-ақ Мәуліт айының мән-мағынасы, мұсылман қауымы үшін маңыздылығы түсіндіріліп, бірлікке, бауырмалдыққа және ізгі амалдарға шақырылды.
Жамағат асыл дініміздің құндылықтары жайлы тағылымды мағлұмат алып, рухани әсерге бөленді. Іс-шара соңында жиналған қауымға дұға жасалып, ел амандығы мен тыныштығы тілектелді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі