Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облысы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында 9-сынып оқушысына мектеп формасы мен жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.
Бұл ізгі іс-шара жас шәкірттің білімге деген ынтасын арттырып, оның отбасына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталды.
Айта кетсек, «Жанқұтты би» мешіті осындай қайырымдылық акцияларын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің алаңсыз білім алуына жағдай жасау және оларға қуаныш сыйлау.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі