Қарағанды қаласының сәулетін айшықтап тұрған еңселі ғибадат орындарының бірі – қалалық «Бұқар Жырау» мешіті.
Астанадан қалаға кіргенде алыстан көзге шалынатын мешіт күре жолдың бойында орналасқандықтан, жолаушыларға да құлшылық етуге өте қолайлы.
Мешіт қызметкерлері жамағаттың жағдайына мән беріп, құлшылық орнын әрдайым таза ұстауға көңіл бөліп келеді.
Соңғы уақытта қоғамдық орындарда, әсіресе жұма намазында көлік қою мәселесі өзекті болып отыр.
Осыған байланысты мешіт имамы Орманбет Болатұлы жамағатқа ыңғайлы болуы үшін мешіт аумағын кеңейтіп, арнайы көлік тұрағын жасатты.
Бүгінде мешіттің алдыңғы тұрақ аймағымен қатар екі жағы және артқы бөлігіне де көлік қоюға мүмкіндік қарастырылған.
Асыл дініміз өзгеге сөзбен де, іспен де зиян тигізбеуге шақырады.
Ендігі міндет – арнайы тұрақтарды тәртіппен пайдаланып, көліктерді ретімен қою.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі