Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кентінің имамы Шарифулла Шадиев жергілікті теміржол қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында имам «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында насихат жүргізіп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарына тоқталды.
Ол халықты адасушылыққа жетелейтін теріс ағымдардың белгілерін түсіндіріп, олардың зиянды тұстарын атап өтті.
Жамағатқа ата-баба жолымен келген дәстүрлі исламды ұстану керектігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар қатысушыларды ынтымақ пен бірлікке, асыл дініміздің құндылықтарын құрметтеуге шақырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі