Center Image
IHSAN.KZ
Аталар және әжелер мектебінің құндылығы” тақырыбында насихат айтылды
Аталар және әжелер мектебінің құндылығы” тақырыбында насихат айтылды
Қарағанды облысы Қарқаралы қалалық “Мәди Бәпиұлы” мешітінде жамағатқа арнап “Аталар және әжелер мектебінің құндылығы” тақырыбында насихат айтылды.

Шараға аудан имамы Митератбек Орынбекұлы қатысып, үлкендердің өнегесі мен тәрбиелік рөлі туралы кеңінен баяндады. Ол жастарға бағыт-бағдар беруде ата-әжелердің орны айрықша екенін атап өтіп, қазақтың салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығына тоқталды.

Жамағат тағылымды насихатты ықыласпен тыңдап, отбасы тәрбиесінде үлкендердің орны туралы пайдалы мәлімет алды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz