Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық “Құнанбай қажы” мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы жамағатпен кездесу өткізіп, “Жастар және отбасы” тақырыбында насихат айтты.
Имам өз сөзінде отбасының қоғамдағы орны, жастардың ата-анаға құрметі, иманды ұрпақ тәрбиелеу мәселелері жайында кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жастарды жауапкершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Жамағат мәнді де мағыналы насихатты ықыласпен тыңдап, өз сұрақтарына жауап алды.