Майқұдық жастары «Әл Ғаффар» мешітінің имамымен бірге футбол ойнап, танысып-білісті.
Спорт арқылы жастық уақытты пайдалы өткізіп, денсаулықты нығайту – иманды мұсылманға тән іс.
Кездесу соңында имам жастарға насихат айтты:
«Әлсіз мұсылманға қарағанда, күшті мұсылман – жақсырақ» (хадис).
Яғни, мұсылман тек дене тұрғысынан ғана емес, рухани тұрғыдан да мықты болуы тиіс. Ол үшін мешітке келіп, білім алып, иманды арттырудың маңызы зор.
Осындай басқосулар – жастардың бауырмалдығын күшейтіп, иманға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.
Алла баршамызды дені сау, білімі терең, иманды жастардан қылсын!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі