Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ұлықталды
«Ар-Рахман» мешітінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ұлықталды
Қазақтың ұлы ойшылы, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде рухани іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мешіттің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа арнап, уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар ас беріліп, Құран Кәрім оқылды.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – хәкім Абайдың діни-рухани көзқарастары мен тағылымды мұрасын дәріптеу, жастарға өнеге ету, сондай-ақ ұлттық рухани құндылықтарға құрметті арттыру болды.

Жиын барысында мешіт жамағаты мен қала тұрғындары хәкім Абай шығармаларындағы имандылық, әділет, бірлік сынды адамзатқа тән құндылықтардың қазіргі қоғам үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ оның ой-пікірлерінің бүгінгі рухани өмірмен сабақтастығы айрықша мәнге ие екендігі көрсетілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz