Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде асхана құрылысына 400 дана газаблок жеткізілді
«Нұр» мешітінде асхана құрылысына 400 дана газаблок жеткізілді

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағаттың қолдауымен игі бастама жалғасып жатыр. Мешіт асханасын кеңейту мақсатында 400 дана газаблок жеткізіліп, құрылыс жұмыстары басталды.


Бұл жұмыстар мешіт жамағатының үлесімен және қала имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жүзеге аса бастады.


Асхананы кеңейту – жамағаттың жайлылығы мен түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Алла разылығы үшін атсалысып жатқан барша азаматтарға мешіт ұжымы ризашылық білдіреді.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz